Асланбекова Наталья Викторовна, психотерапевт дәрігер, нарколог, медицина ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD) түйін...
Туған күні, айы, жылы: 22.06.1977 ж.
Практикалық психотерапевт дәрігер, нарколог ретінде еңбек өтілі – 5 жыл.
Психотерапевт дәрігер, нарколог, медицина ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD). Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығының психотерапия және оңалту бөлімінің меңгерушісі.
Кәсіби мамандану
Білімі
2000-2006 жж. – Семей Мемлекеттік Медициналық Академия. «Емдеу ісі» мамандығы .
2006-2007 жж. – «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК негізінде «Психиатрия» мамандығы бойынша интернатура. (Павлодар қ.).
2007-2009 жж. – «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК негізінде «Наркология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура (Павлодар қ.).
2008 ж. – «Өмір сапасы мен стационарлық бағыт дәрігерлерінің психикалық денсаулығының өзарабайланыстары (өңірлік, клиника-психологиялық и превентивті аспектілер)» тақырыбы бойынша диссертация қорғау, 14.00.18. – «Психиатрия» және 14.00.45. – «Наркология» мамандықтары бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін және философия докторы(PhD) атағын беру, Томск қ., РФ.
2007-2009 ж. – «Психиатрия (наркология сұрақтарымен)», «Клиника және психобелсеңді заттардан тәуелділікті емдеу», «Медициналық психология және психотерапия» тақырыптарына мамандану. Павлодар қаласындағы дәрігерлерді жетілдіру факультеті, Семей мемлекеттік медициналық академия (Павлодар қ.).
2007-2009 ж. – «Психология және отбасы психотерапиясы», «Қазіргі замаңғы наркологиялық көмек көрсету сапасын басқару» тақырыптарына мамандану. «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК.
Кәсіби іс – әрекет
2007 ж.- қазіргі уақытқа дейін. «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК. Павлодар қ. Психотерапия және оңалту бөлімінің меңгерушісі.
2011 ж.- қазіргі уақытқа дейін. Психотерапия және психологиялық көмек көрсету Медициналық орталығының психотерапевт дәрігері.
______________________________________________________________________________________________________________
Доценко Ирина Анатольевна, бала психотерапевті түйін...
Бала психиатры ретінде еңбек өтілі - 15 жыл.
Бала психотерапевті ретінде еңбек өтілі - 10 жыл.
Кәсіби мамандану
Білімі
1988-1994 жж. – Семей Мемлекеттік Медициналық институт.
1998 ж. – Ивановск қаласыныңМемлекеттік Медициналық академия. «Психотерапия және медициналық психология»
1999-2000 жж. – Семей Мемлекеттік Медициналық институт «Психиатрия» (алғашқы мамандану).
2001 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты, «Психиатрияның өзекті мәселелері» тақырыбына мамандану.
2002 ж. – «Р. Коннердің отбасы кеңес беру орталығы». Отбасы психология факультеті.
2003-2004 жж. – Семей Мемлекеттік Медициналық Академияның Павлодар қаласының филиалы,«Психотерапияның өзекті мәселелері» тақырыбына мамандану.
2009 ж. – Семей Мемлекеттік Медициналық Университетінің Павлодар қаласының филиалы,«Отбасы психотерапия», «Психиатрияның өзекті сұрақтары» тақырыбтарына маманданулар.
2011 ж. – «Бала психиатрияның өзекті сұрақтары» тақырыбына мамандану. «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК.
2011 ж. – Қазақстан-Ресей Медициналық университет. «Балашағының эпилепсиясы» тақырыбына мамандану.
2012 ж. – Семей Мемлекеттік Медициналық Универитетінің Павлодар қаласының филиалы, «Психиатрияның өзекті сұрақтары» тақырыбына мамандану.
Кәсіби іс-әрекет
2009 ж.- қазіргі уақытқа дейін – «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері» ММ, бала тұрғындарының учаскелік психиатрі.
учаскелік психиатрі.
2011 ж.- қазіргі уақытқа дейін – Психотерапия және психологиялық көмек көрсету медициналық орталығының бала психотерапевт дәрігері.
_____________________________________________________________________________________________________
Пак Татьяна Вячеславовна, психотерапевт дәрігер, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінде практикалық психолог түйін...
Туған күні, айы, жылы: 03.04.1963 ж
Психотерапевт дәрігер, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінде практикалық психолог, медицина ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD). Нашақорлықтың медициналық - әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми практикалық орталығы директордың ғылыми - зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Білімі
1980-1986 жж. - Семей Мемлекеттік медициналық институт. «Емдеу ісі» мамандығы (Семей қ.).
1986-1987 жж. - № 2 қалалық ауруханада базасында «Терапия» мамандығы бойынша интернатура (Павлодар қ.).
1999 ж - «Білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінде практикалық психолог» мамандығы бойынша қайта даярлау (Қостанай қ.).
2002-2004 жж. - «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК базасында «Психиатрия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура (Павлодар қ.).
2004 ж. - «Есірткіге құмар аурумен ауырып жүргендерге топтық психотерапия ерекшеліктері» тақырыбы бойынша диссертация қорғау, 14.00.18 - «Психиатрия» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін және PHD философия докторы атағын алу.
2007-2009 жж. - «Психиатрия (наркология сұрақтарымен)» «Клиника және психобелсеңді заттардан тәуелділікті емдеу», «Медициналық психология және психотерапия» тақырыптарына мамандану. Павлодар қаласындағы дәрігерлерді жетілдіру факультеті, Семей мемлекеттік медициналық академия (Павлодар қ.).
2007-2009 жж. - «Психология және отбасы психотерапиясы», «Қазіргі замаңғы наркологиялық көмек көрсету сапасын басқару» тақырыптарына мамандану. «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК.
2009 ж. - «Медициналық қызмет сараптама сапасының таңдаулы сұрақтары» тақырыбына мамандану. Жалпыхалықтық денсаулық сақтау Жоғарғы мектебі (Алматы қ.).
2010 ж. – «Fur die Teilnahme am Fachkrafteaustausch» тақырыбына мамандану. (Германия, Кассел қ., Билефелд қ.).
2011 ж. - «Емдеу нәтижелерінің бағалау мен басылымдарының ғылыми зерттеулер менеджементі» 54 сағ. Орталық Азияда есірткі таралуын алдын алу бағдарламасы. ТREAT компоненті.
Кәсіби іс – әрекет.
1987-1994 жж. - Павлодар қаласының Құрылысшылардың медициналық – санитариялық бөлімінінің емханасы. Цехтық терапевт.
1994-1997 жж. - №1 Павлодар қалалық ауруханасы. Профилактика бөлімшесінің меңгерушісі.
1998-2001 жж. - Павлодар қаласының облыстық психоневрология диспансері. Жасөспірімдер мен жастарға медициналық – психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің психотерапевт дәрігері.
2001-2010 жж. - «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК. Павлодар қ. Психотерапевт дәрігер, психотерапия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, клиникалық наркология ғылыми бөлімінің меңгерушісі, директордың емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер.
2004-2007 жж. – БҰҰ-ның білім беру бағдарламаларының бапкер –оқытушы (Қазақстан, Тәджікістан, Қырғыстан, Түркменстан, Өзбекістан).
2005 ж. - Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын қорғау ісінде ерекше еңбегі сіңгені үшін «Қазақстан Республикасын денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды (куәлік № 906, 02.05. 2005 ж).
2009 ж. – Психотерапевт дәрігер мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты беріледі.
2010 ж. - қазіргі уақытқа дейін. «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК. Павлодар қ. Директордың ғылыми - зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
2010 ж. - қазіргі уақытқа дейін. Психотерапия және психологиялық көмек көрсету Медициналық орталығының психотерапевт дәрігері, практикалық психолог.
______________________________________________________________________________________________________________
Россинский Юрий Александрович, медицина ғылымдарының докторы, психиатр дәрігер, психотерапевт түйін...
Туған күні, айы, жылы: 15.12.1961 ж.
Медицина ғылымдарының докторы, психиатр дәрігер, психотерапевт, медициналық психолог. Психотерапия және психологиялық көмек көрсету Орталығының директоры. Инновациялық Еуразия Университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, профессор. Орталық Азия БҰҰ –ның білім беру бағдарламаларының консультант – бапкері. Психологиялық ғылымдарының Халықаралық академиясының корреспондент –мүшесі. «Ресурстарды басқару институты» қоғамдық фондының директоры.
Практикалық психиарт, психотерапевт дәрігер ретінде еңбек өтілі – 25 жыл.
Ғылыми – педагогикалық еңбек өтілі – 20 жыл.
Кәсіби мамандану
Білімі.
1980 – 1986 жж. - Семей Мемлекеттік медициналық институт.
1986 – 1987 жж. Павлодар қаласының облыстық психоневрологиялық диспансер базасында «Психиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
1989- 2001 жж. - «Психиатрия», «Наркология», «Психотерапия», «Топтық психотерапия», «Нейролингвистік бағдарламалау - НЛБ», «Медициналық психология», «Психологиялық кеңес беру», «Балалар мен жасөспірімдер психотерапиясы» және басқалар (Мәскеу, Санкт – Петербург, Томск, Новосибирск, Омск, Тюмень, Новокузнецк, Челябинск, Алматы, Павлодар, Қостанай, Семей) мамандықтары бойынша мамандыру.
2001 ж. - Медицина ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғау: «Әйел жынысты жасөспірімдердің психикалық бейімделудің бұзылулар білінуінің клиника –биологиялық ерекшеліктері», мамандығы –14.00.18.- «Психиатрия» (Диссертациялық кеңес Д 001.030.01 МҒРА СБ ТҒО психикалық денсаулығының ҒЗО ММ негізінде Ресей, Томск қ.)
2003 ж.- Қазақстан Республикасында медицина ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесі диссертациясының нострификациясы.
2002 – 2005 ж. - «Наркология» мамандығы бойынша докторантура. «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК.
2005 ж. - Медицина ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияны қорғау: «Апиын нашақорлығымен ауырып жүргендерді ертелік алдын алу және неоабилитация (аймақтық, клиника-психологиялық аспектілер)», мамандығы –14.00.18.- «Психиатрия» және 14.00.45 – «Наркология» (Диссертациялық кеңес Д 001.030.01 МҒРА СБ ТҒО психикалық денсаулығының ҒЗО ММ негізінде Ресей, Томск қ.)
2007 ж. - Қазақстан Республикасында медицина ғылымдар докторы ғылыми дәрежесі диссертациясын дәлелдеу (Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау мен аттестация комитетінің шешімі, хаттама №3)
2001 – 2011 жж. - «Психиатрия», «Наркология», «Психотерапия», «Наркологиядағы психотерапия», «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы», «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «Медициналық психология», «Отбасы психология және психотерапия», «Когнитивті – міңез –құлықтық психотерапия», «Мотивациялық сауалнамалау» және тағы басқалар мамандықтары бойынша мамандыру (Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Австрия, Польша, Литва, Туркия, Египет, Англия, Израиль).
Кәсіби іс- әрекет
1987 – 1999 жж. - Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансер. Психиатр дәрігер, психотерапевт, отбасы және жасөспірім психотерапия орталығының меңгерушісі.
1999 – 2009 жж. - «Нашақорлықтың медициналық – әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми – практикалық орталығы» РМҚК. Психиатр – нарколог дәрігер, психотерапевт, ғылыми қызметкер, клиника бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік наркология ғылыми бөлімінің меңгерушісі, ғылым мен білім бойынша директордың орынбасары.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін химиялық тәуелділікті алдын алу, емдеу, және оңалту әдіснамасын жетілдіруде қатысу. ҚР-ның нашақорлық көмек көрсету деңгейде есірткімен ауырып жүрген адамдарды оңалту –неоабилитация үлгісі құрастырылған және енгізілген. Психобелсеңді заттардан (ПБЗ) тәуелділіктің қалыптасуын мен даму тәуекелке ету диагностикалау тәсілі құрастырылған. ҚР мен Орталық Азия мамандарын химиялық тәуелділікті емдеу саласында кәсіби білім беру (жалпы екі мыңнан астам мамандар оқытылған). Психиатрия мен наркология саласында ғылыми кадрларды дайындау. ҚР азаматтары арасында нашақорлықтың таралуын зерттеуде, есірткілік көмек саласында заңды базасын құрастыруда қатысу.
2002 ж. – қазіргі уақытқа дейін. - Инновациялық Еуразия университеті. Профессор, «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі.
2004 ж. – қазіргі уақытқа дейін. БҰҰ –ның білім беру бағдарламаларының консультант - бапкер: UNODC, UNDP, USAID, UNICEF, UNIFEM, UNWOMEN (Қазазстан, Таджікістан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекістан).
Дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, денсаулық сақтау ұйымдастырушыларына, БАҚ жұмыскерлеріне білім беру семинарлары – тренингтер. «ПБЗ-дан тәуелді тұлғаларға психотерапия және психологиялық кеңес беру», «Тұрғындардың әлсіз топтарына стиматизация мен кемсітушілікті алдын алу», «Эмоциялық жану синдромын адын алу»; «Зорлықтың психологиялық салдарын алдын алу» және тағы басқа тақырыптарына семинар – тренингтер құрастырылған және жүзеге асырылған. Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтауды ұйымдастыру тұрғындардың әлсіз топтарын стигма мен кемсітушілікті алдын алу, қызметкерлер құрамының эмоциялық жануды алдын алу және тағы басқа сұрақтарына сараптамалық қызмет.
2005 ж. – қазіргі уақытқа дейін.- ЖШҚ «Директорлар институты», кеңесші, оқытушы, бапкер. Бизнес қатынастар психологиясы мен бизнестегі психология: бизнес- кеңес беру, бизнес – білім беру, бизнес- тренингтер.
«Конфликті басқару – конфликттің феноменология мен персонологиясы»; «Қызметкерлер құрамының уәжі»; «Стрессты бақылау (стресс - менеджмент)»; «Басқарушы қызметкерлер құрамының (топ - менеджерлер) эмоциялық жануын алдын алу»; «Командақұру/тимбилдинг (бірлескен пара – парлығы, бірлескен ниеті түзілік)»; «Коммуникативті және жетекшілік дағдыларының тренингі»; «Төтенше жағдайларда оқиғаларындағы психологиялық салдарынының кризис менеджерлер – жоюшылар командасын ұйымдастыру»; «Секьюрити қызметінің психологиялық аспектілері» және тағы басқа тақырыптарына авторлық семинар – тренингтер құрастырылып жүзеге асырылған.
2010 ж. – қазіргі уақытқа дейін.- Психотерапевт дәрігер, медициналық психолог, Психотерапия және психологиялық көмек көрсету медициналық орталығының директоры.
2000 ж. – Психотерапияның Еуропалық сертификатының иемденуші (Еуропалық психотерапевттердің бірыңғай реестрдің психотерапевт).
2006 ж. – Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын қорғау ісінде ерекше еңбегі сіңгені үшін «Қазақстан Республикасын денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды (куәлік № 302, 06.12.2006 ж.). Қазақстан Республикасының Денсаулықсақтау Министрлігі.
2009 ж. – ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Адами фактор» медаліме марапатталды Психология ғылымдарының Халықаралық академиясы.
2011 ж. – Көп жылғы адал еңбегі, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан қомақты жеке үлесі, қоғамдық саяси қызмет саласындағы белсеңді өмірлік көзқарасы үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Басылымдар
Қазақстан мен Ресей басылымдарында 5 монографиялар мен 140-тан астам ғылыми мақалалар.