Терапевтік қатынастарға келісім – шарт
Егер сен адамға балық берсен,сен оны бір рет тамақтандырасын. |
Егер сен адамды балық аулауға үйретсен,сен оны бүкіл |
өмірге тамақтандырасын. |
Шығыс даналығы |
Терапевтік қатынастар
Психотерапия немесе психологиялық сүйемелдеу – бұл жауапты терапевтік қатынастардың екі жақты үрдісі, бІр жағы – клиент, екіншІ жағы – маман, психотерапевт немесе психолог.
Психологиялық кеңес беру үрдісіндегі қатынастар арқылы адам/клиент жаңа өмірлік тәжірибесін алуға; өз қалпының себептерін түсінуге, оның сезімдері, мінез – құлқы, реакциялары адамдарға әсерін «көрүге», өз сезімдерін түсіну мен қабылдауға және бар қатынастарын жақсартуға мен жаңа қатынастар қалыптастыруға мүмкіндік беретін керекті шарт.
Терапевтік қатынастар - маман мен клиент арасындағы ерекше мақсатты және бағытталған қатынастар. Мақсаты - клиентпен және оның уайымдауларымен байланыс құру мен тоқтатпау; бар мәселелердің себептерін түсінуде көмек беру; өз сезімдерін қабылдауда эмоциялық көмек; мінез – құлықтың жаңа тәсілдеріне және өмірлік қиындықтарын жеңуге үйрену.
Сондықтан терапевтік қатынастар ерекше болып табылады. Маман ықыласты, кішіпейіл, клиентті душар қылмайды және жағымсыз бағаламайды, жарлықтар ілмейді. Ол мейірімді және қайырымды. Клиенттің мінез- құлқын қабылдамай және өмірлік ұстанымын қолдамай алады, бірақ клиентке күн ілгері кесіп – пішілмеген көзқарасымен және жылы шырайлы қатынасады. Клиенттің ашуына дұшпандылықпен жауап бермейді, оны уайым – қайғыға не салғаны клиентке түсінуге көмектесуге тырысады. Маман кеңес беру уақытында сабырлы, салмақты және сөзге сараң. Ол көбінесе клиентті тыңдайды және өзі туралы дерлік ештене айтпайды. Клиентке ұнауға тырыспайды, бірақ мәселенің себептерін мен шешу жолдарын іздеуге ынталанады және белсеңді көзқарасына тұрады.
Бірақ, психолог немесе психотерапевт консультациясы клиенттің өз бетінше өзіндік жұмысынан жауапкершілігі шешіледі деп білдірілмейді. Маман клиенттің белсеңді қатысуынсыз мәселені шешпейді. Маманның міндеті – адамды өзін өзгерту қажеттілігін ұғынуға жетелеу және оның ынтасын бұл өзгешеліктерге бағыттау. Маман клиентке өмірлік дағдарыстарын өз бетінше жеңуге және өз өмірін бақылауға үйренуге көмектеседі.
Маман мен Клиент арасында психотерапия үрдісінің белсеңді ұстанымын және бөлінген жауапкершілігін қалыптастыру үшін терапевтік қатынастарға келісім –шарт немесе «терапевтік келісім-шарт» жасалады. Терапевтік қатынастардың ұзақтығы бір немесе бірнеше кездесулер (консультациялар, сессиялар) жағдайында терапевтік келісім-шарт жасалынбайды.
Терапевтік келісім- шарт
Клиент және Маман арасындағы психотерапевтік қарым-қатынастарына
КЕЛІСІМ – ШАРТ
1. Осы Келісім-шарт Клиент (аты, жөні, тегі) және Психотерапия және психологиялық көмек көрсету орталығының Маманы (аты, жөні, тегі), арасында жасалды.
2. Осы Келісім-шарт Клиент пен Маман арасындағы өз еркімен психотерапевтік қарым-қатынастарды (сұхбат алу, өмірлік қиыншылықтарды бірдейлестіру, психотерапевтік сессиялар түрінде психотерапияны) болжамдайды.
3. Психотерапия Клиенттің өмірлік қиыншылықтардың және/немесе психологиялық қалпының және денсаулықтың нашарлауы нәтижесінде пайда болған сұрақтарды шешуге бағытталған, және Клиенттің психологиялық дамуын және тұлғалық өсуін ескереді.
4. Осы Келісім-шарт тараптардың келесі жауапкершілігін және құқықтарын ескереді және қамтиды.
4.1. Психотерапия және психологиялық көмек көрсету орталық Маманның жауапкершілігі:
1) Маманның іс-әрекеті ресми және лицензияланған болып табылады.
2) Маманның қажетті білімі, біліктілігі және психотерапевт –дәрігер (психолог) ретінде жеткілікті тәжірибесі бар.
3) Маман Қазақстан Республикасындағы жалпы қабылданған және рұқсат етілген психотерапия әдістерін қолданады.
4) Маман клиентпен берілген ақпараттың құпиялылығына жауапты.
5) Маман Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен және психотерапевт- дәрігер кәсіптік кодексімен ескерілетін жағдайларда клиентпен берілген ақпараттың бөлігін ашуына құқығы бар.
4.2. Клиенттің жауапкершілігі
1) Клиент психотерапия және одан кейінгі кезеңінде болып жатқан өмірлік өзгерістерге жеке жауапты.
2) Клиент - психотерапевтік қатынастардың белсеңді жағы, психотерапевтпен кездесу жиілігін белгілейді, психотерапевтік сессияларына жүйелі түрде келіп тұрады, Маманның және Орталықтың қызметтерін уақытында төлейді.
3) Клиент Психотерапия және психологиялық көмек көрсету Орталығының мүлігін ұқыпты ұстайды, Орталықтың мүлігін бүлдірген жағдайында оны толық қалпына келтіреді.
4) Клиент сұранысымен клиенттің кәмелетке толмаған баласымен психологиялық жұмыс істеу қажеттілігі туындаған жағдайында, Келісім-шартқа қол қоюмен, оның баласымен жұмыс істеуге ақпараттық келісім береді.
Клиенттің қолы Маманның қолы Мөр